«Атом саласының үздігі» төсбелгісімен 5 және одан да көп жыл еңбек сіңірген атом саласының қызметкерлері мен атом саласының ардагерлері белсенді және жемісті ынтымақтастығы, атом саласын дамытудағы жәрдемі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындаған тапсырмалардың жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін марапатталады.

«Атом саласының үздігі» төсбелгiсi диаметрі 37 мм алтын түстес қырлары шығыңқы сегіз қырлы нысанда, қалыңдығы 3 мм алтын жағылған 925 сынамалы күміс қорытпасынан дайындалады.
Төсбелгінің беткі жағында сегіз қырлы белгінің ортасында диаметрі 27 мм ернеуі көмкерілген шеңбер орналасқан. Шеңбердің ортасында электрондардың үш орбитасы мен атом ядросын композициялық түрде ұстап тұрған адамның қолы бейнеленген.
Төсбелгінің сыртқы жағында «АТОМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген бедерлі жазу жазылған.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 35 мм және биіктігі 24 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған үшбұрышты тағанмен жалғанады. Үшбұрыштың екі жақ шетінде бедерлі кертпесі бар ені 3 мм ернеуі болады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.