«Ana tili» газетінің 2026 жылғы 26 ақпандағы №8 санында аталған үнпарақтың тілшісі Бағдат Сұлтанқызының «Ұлттық нышан және жаңа талап» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Мақала Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов пен Талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Сұлтан Оразаевтың ой-пікірлері негізінде жазылған. ҰЛТТЫҚ НЫШАН ЖӘНЕ ЖАҢА ТАЛАП Қазақстанда геральдика мәселесі соңғы […]
Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы
ҚР Мемлекеттік Туының қалыптасу тарихына қатысты мақала жарыққа шықты
Студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2025» Халықаралық ғылыми конференциясының баяндамалар жинағына Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов пен Зерттеу және сараптама бөлімінің жетекші маманы Рамазан Мамановтың мақаласы жарияланды. Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша материалдары енгізілген. Аталған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз. […]
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары «MURA» сарапшылар клубының жиынына қатысты
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Сарапшылар клубының алғашқы отырысы өтті. Бұл – архив саласының болашағын ашық талқылауға арналған жаңа кәсіби алаңның бастауы. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестіруші кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Эльмира Оразалиева, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев, […]
Аида Балаева ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты. Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған. Экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа […]
Мемлекеттік Туды Канадада жас хоккейшілер желбіретті
Канададағы Квебек қаласында 66-шы халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament» турнирі аяқталды. Бұл жарысқа 16 елден 120 команда қатысты. Турнирдің басты сенсациясы қазақстандық «Astana Team» командасы болды. Жас хоккейшілер финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде буллиттер сериясында канадалық қарсыластарын жеңіп шықты. Айта кетейік, Канадада 1875 жылы жабық ғимаратта алғашқы ресми хоккей ойыны […]
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі түсіндірілді
Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен №116 жалпы орта білім беретін мектепте танымдық семинар өтті. «Рәміздерге құрмет» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Осы іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері мен оқушылар қатысты. Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов іс-шараның мән-маңызына […]
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО тізіміне енді
Қазақ халқының сан ғасырлық рухани болмысы мен дүниетанымын айшықтайтын дәстүрлі ою-өрнек халықаралық деңгейде мойындалды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ресми түрде ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енгізілді. ИСЕСКО – ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы. Тиісті шешім 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында қабылданған. Бұл – ұлттық […]
Баяндамалар жинағына Геральдикалық зерттеулер орталығы Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Әділхайыр Мырзахановтың мақаласы жарияланды
Студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2025» ХIX Халықаралық ғылыми конференциясының баяндамалар жинағына жарияланған мақаланы оқырман назарына ұсынамыз. Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жасғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша материалдары енгізілген. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕСМИ НАГРАДАЛАР ЖҮЙЕСІ: ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап ұлттық марапаттар жүйесін қалыптастырып, оны […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді. Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере […]
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті. Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды. Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттерде елімізді әлемге […]
