Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінің 95 жылдығына және көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесе «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты республикалық әңгімелер байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – балаларды отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу, ел тарихына ізденісін арттыру, Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы (поэзия, […]
Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы
Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерін марапаттады
Бүгін Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел руханиятына қосқан үлесіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы қазақ өнерінің әлемдік деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандық музыканттар мен киногерлер халықаралық сахналарда танылып, жоғары бағаланып жүр. Ұлттық […]
Рудныйда мемлекеттік рәміздер экспозициясы ашылды
Рудный қаласының орталығында 20 метрлік ту бағанасы мен елдік нышандардан құралған ерекше композиция ашылды. «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атауымен өткен бұл шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанна Жаңбыршинаның айтуынша, бұл жоба жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында қолға алынған. Салтанатты […]
Геральдикалық зерттеулер орталығының бас сарапшысы “Бір ел – бір мүдде” отырысына қатысты
Бүгін, 16 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатында «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, жиын «Бір ел – бір мүдде: бейбітшілік пен өркендеу жолында» тақырыбында өрбіді. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамасын әзірлеу тапсырмасы кеңінен талқыланды. Мәулен Әшімбаев […]
Орталық мамандары Ұлттық садақ ату федерациясында семинар өткізді
Бүгін “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары Ұлттық садақ ату федерациясының спортшыларына мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы семинар-дәріс өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты – жас мергендердің бойында ұлттық рухты қалыптастырып, мемлекеттік нышандардың қазақ спортындағы елеулі рөлін айқындау. Семинар барысында, спортшылар мен жаттықтырушылар рәміздердің тарихы, қолданылу тәртібі мен жауапкершілігі туралы мағлұмат алды. Орталық қызметкерлері шараға белсене қатысқандарға төсбелгі мен арнайы […]
Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтілмек
Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне байланысты талаптар күшейтілмек. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді, Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 458-бабына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Бұл қадам рәміздерді қорлау фактілерінің алдын алуға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бүгінде министрлік 2025 […]
Бүгін тұңғыш рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің туғанына – 71 жыл
Бүгін қазақ елінің тұңғыш рәмізтанушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына 71 жыл толып отыр. Саналы ғұмырын ел руханиятына, мәдениет пен баспасөздің дамуына арнаған қайраткер – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша тұлғалардың бірі. Ербол Шаймерденов – еліміздегі мемлекеттік рәміздерді әзірлеуге белсене қатысқан азамат. Ол 1992 жылы Мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде ел Тәуелсіздігінің басты нышандары – […]
Орал қаласында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік негізі» атты жиын өтті
Оралда мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы орны мен маңызын талқылауға арналған басқосу өтті. Жиынға облыс әкімдігінің өкілдері, Ұлттық құрылтай мүшелері, Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары, Жоғары оқу орындары мен мектеп ұстаздары, сондай-ақ белсенді жастар қауымы қатысты. Кездесу аясында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, оларды пайдалану барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, заңнамалық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және Мемлекеттік рәміздер […]
Орталық қызметкерлері Жеңіс күніне орай Тыл ардагерімен кездесті
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, Геральдикалық зерттелер орталығының мамандары Тыл ардагері, “Қызыл ту” орденінің иегері Сайпулла Қабдиевпен жүздесті. Орталық қызметкерлері ардагерді мерекесімен құттықтап, ерен еңбекке толы ұлағатты өмірін, тағылымды әңгімесін тыңдады. 1958 жылдан бастап, погон тағып, әскерге кеттік. Одан әрі қарай сол жақтан жұмысқа кірдік, сөйтіп жалғасып кетті. Ондай қиын бір аштық болмағанмен, қиындық болды. Бір […]
Президент То Ламды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы То Ламды “Достық” орденімен марапаттады. Ол Қазақстан мен Вьетнамды тереңнен тамыр тартатын достық қарым-қатынас байланыстыратын атап өтті. Сонымен қатар 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің келгенін еске салды. Бұл сапар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын дамытудың берік негізін қалаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам шынайы стратегиялық әріптестік орнатқанын айтты. […]
