Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Астанада Шоқан Уәлихановтың наградалары қойылған көрме өтті

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде  «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты ағартушының ордендері мен наградалары қойылған көрме өтті. Іс-шара қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған. Онда тарихи тұлғаның ордендері, құнды жәдігерлері мен пайдаланған заттары қойылды. Айта кетейік, көрмені ҚР Ұлттық музейі Ш.Уәлиханов атындағы Алтынемел мемориалдық мұражайымен бірлесе ұйымдастырды. […]

CONTINUE READING Астанада Шоқан Уәлихановтың наградалары қойылған көрме өтті 1 min read

Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша ұлттық тренинг өтіп жатыр

Алматыда жергілікті деңгейде материалдық емес мәдени мұраны сақтау және орнықты дамыту мәселелеріне арналған қазақстандық сарапшыларға арналған апталық ұлттық тренинг өтіп жатыр. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздік пен егемендіктің негізі саналатын ұлттық бірегейлікті нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу рәсіміне мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен халықаралық […]

CONTINUE READING Алматыда материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша ұлттық тренинг өтіп жатыр 1 min read

Бүгін Халықаралық геральдика күні

Бүгін, 10 маусым – Халықаралық геральдика күні. Бұл дата – адамзат тарихындағы маңызды мәдени құбылыстардың бірі саналатын геральдиканың бастауы ретінде таңдалған. Қазіргі таңда көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да герб – мемлекеттіліктің маңызды рәмізі ретінде танылады. Ал геральдиканың өзі ғасырлар бойғы тарих пен дәстүрге негізделген ғылым саласы болып қалыптасты. Тарихшылардың айтуынша, гербтердің пайда болуы ХІ-ХІІ […]

CONTINUE READING Бүгін Халықаралық геральдика күні 1 min read

Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті

5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген. Бұл еңбектерді Қытайдың ХХ-ХХI ғасырдағы белгілі суретшілері жазған, олар Сиэйи өнерінің дәстүрін жалғап келеді. Шеберлер өздерінің шығармашылығында стиль, техника және материалдардың ерекшеліктері арқылы тек […]

CONTINUE READING Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті 1 min read

Рәміздер күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды

Бүгін Астанада 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды. №3 Перинаталдық орталықта өткен мерекелік шараға министрлік өкілдері және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты. Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі […]

CONTINUE READING Рәміздер күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды 1 min read

Министр Аида Балаева мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Құрметті достар! Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл егемендік ұғымымен қатар жүретін, ел бірлігі мен тәуелсіздігіміздің символдарына деген құрметімізді білдіретін – айрықша күн. Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың рухын, тарихи жолын және болашаққа деген сенімін айқындайтын қастерлі құндылықтар. Осы мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, татулық пен мол игілік тілеймін! Мемлекеттік рәміздерімізді баға […]

CONTINUE READING Министр Аида Балаева мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады 1 min read

Астанада Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған  «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті

Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен  тұңғыш рәмізтанушы, публицист-жазушы, ақын  Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті. Алқалы жиын Ербол Шаймерденовтың мол мұрасын насихаттау, мемлекеттік рәміздерге деген терең танымды арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияға депутаттар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар,  сонымен қоса мәдениет саласының қызметкерлері […]

CONTINUE READING Астанада Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған  «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті 1 min read

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады.   Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомстволық наградаларды қолдану және жетілдіру үшін […]

CONTINUE READING Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті 1 min read

Көкшетауда рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жөнінде дәріс өтті

Рәміздер күні қарсаңында Көкшетау қаласының №1 құрылыс техникалық колледжінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мамандарының қатысуымен ақпараттық-танымдық семинар өтті.Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ мектеп ұстаздары қатысты.Дәрістің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, отаншылдық рухты дәріптеу, ұлттық нышандардың тарихы жайлы тың ақпараттар беру. Семинарда ҚР […]

CONTINUE READING Көкшетауда рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жөнінде дәріс өтті 1 min read

Геральдикалық зерттеулер орталығы Достық үйінде ақпараттық-танымдық семинар өткізді

                                                  Бүгін Достық үйінде Рәміздер күні қарсаңында «Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен елордалық студенттер қатысты. Жиын барысында спикерлер мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұны жайында ой бөлісіп, […]

CONTINUE READING Геральдикалық зерттеулер орталығы Достық үйінде ақпараттық-танымдық семинар өткізді 1 min read