Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарғанын жариялады.
Номиналы 1000 теңге болатын монета 925 сынамалы күмістен жасалған. Ол түсті басып шығару технологиясын қолдану арқылы Proof сапасында орындалған. Монетаның массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, Германияның «MDM münzhandelsgesellschaft mbH & co kg deutsche münze» нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленді.
Монеталардың қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.
Сонымен қатар коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
