«Қазақстан Республикасы диломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі

«Қазақстан Республикасы диломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.

«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» төсбелгiсi диаметрі 35 мм болатын шеңбер нысанында жезден жасалады.

Шеңбер iшiнде ендiктер мен бойлықтар сызылған, диаметрi 23 мм жер шарының көк түсті айшықты бедерлі бейнесі орналасады. Жер шарының аясында шеңбердің төменгі бөлігінде қалықтаған қыранның алтын түстес бейнесi орналасқан.

Төсбелгi шеңбер бойымен иiрiлiп келген және жер шарының астымен өтетiн енi 5 мм алтын түстес көлемдi көмкерме лентамен жиектелген. Лентаның жоғарғы бөлiгiнде қара-көк түстi эмальмен жазылған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» мәтiнi орналасқан. Әрiптердiң биiктiгi лентаның жоғарғы бөлiгiнде 2 мм, төменгi бөлiгiнде 1,5 мм. Лента мен жер шарының бейнесi арасында енi 1,5 мм ақ түстi лента өтедi. Лентаның үстiнен екі жағынан жасыл түспен орындалған лаврлар орналасқан.

Төсбелгiнiң сыртқы жағында оның реттiк нөмiрi орналасады.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.