Жаңалықтар

Қазақстан Туы – әлемдегі ең үздік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы халықаралық Flags of the World Tournament байқауында І орынды иеленді. Бұл – әлемдегі ең ірі медиаплатформалардың бірі Reddit қолданушылары қатысқан онлайн-турнир.

Дауыс беру қорытындысы бойынша көк Туымыз әлемдегі ең үздік Ту деп танылды. Финалда Қазақстан мен Кирибати Тулары бақ сынап, нәтижесінде еліміздің Туы жеңіске жетті.

Жоба авторлары байқауды ұйымдастыру көп уақытты, еңбекті талап еткенін атап өтті. Турнир жоғары деңгейде өтті. Көрермендер де қолдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаз толықтай қолданушылардың ашық дауыс беруі арқылы анықталған.

Пікір қалдыру