Жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетті

Теннистен Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің 1/8 финалында қазақстандық дерби өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кортта Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко кездесіп, ойын екі сетке созылды. Жұқаев жалпы 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Сонымен қатар 1/8 финалға Денис Евсеев те шықты. Ол француз Валентин Руайемен кездеседі.

Дереккөз: egemen.kz

Пікір қалдыру