Жаңалықтар

Геральдикалық зерттеулер орталығы астаналық оқушыларға арнайы семинар өткізді

«Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында Астана қаласындағы Ә. Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен олардың маңызын түсіндіріп, оқушыларды отаншылдыққа баулу. Іс-шара барысында қатысушылар «Геральдикалық зерттеулер орталығының» қызметімен танысып, рәміздерді пайдалану тәртібі мен заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері туралы маңызды ақпарат алды. […]

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығы астаналық оқушыларға арнайы семинар өткізді 1 мин оқу үшін

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК НЫШАН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бұл – қаламыздың бірегей стилін қалыптастырып, оның тарихи, мәдени және географиялық ерекшеліктерін айшықтайтын маңызды жоба. ✅ Конкурсқа кез келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.✅ Өңірлік нышан жобасы бұрын қолданылмаған, ерекше әрі Түркістанның болашақ даму бағытын көрсететін жаңа жұмыс болуы тиіс.✅ Жобада ұлттық этнографиялық элементтерді, ою-өрнектерді пайдалануға рұқсат етіледі.❌ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, діни, рулық және […]

Толығырқ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК НЫШАН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ 1 мин оқу үшін

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Екі күндік семинарға еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Сауда және интеграция […]

Толығырқ Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті 1 мин оқу үшін

Мекемелік марапаттарды ретке келтіру маңызды

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.  Президенттің айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қаралып, бір жүйеге түсірілген. Енді ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажет. «Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ, бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып […]

Толығырқ Мекемелік марапаттарды ретке келтіру маңызды 1 мин оқу үшін

ҚР МАМ “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары іс-сапар барысында Семей қаласының № 1 емханасында болды

Емханада өткен кездесуде ғимараттағы стендтердің орналасуын Орталық мамандары тексеріп шықты.Емхана қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен рәміздерге қойылатын мемлекеттік стандарт мәселелері заң тұрғысынан түсіндірілді. Емхана басшылығы Орталықтың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.

Толығырқ ҚР МАМ “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары іс-сапар барысында Семей қаласының № 1 емханасында болды 1 мин оқу үшін

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Абай облысында

Іс-сапар барысында Орталық мамандары Абай облысының әкімдігінде болды. Онда мемлекеттік рәміздердің пайдалану тәртібі, насихатталу жұмыстары жайында жергілікті мамандармен талқыланды. Сондай-ақ әкімдік жанындағы комиссияның жұмысымен де танысты.Кездесу барысында Абай өңірі бойынша жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстары да айтылды. Ондағы орын алатын олқылықтар жайында Орталық мамандары заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы! Оларды дұрыс қолдану […]

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Абай облысында 1 мин оқу үшін

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап  ісі  комитетінің  «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Shakarim University-дің қолдауымен «Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында университеттің білім алушыларына ақпараттық-танымдық семинар өткізілді. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, олардың мәртебесін көтеру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада Геральдикалық зерттеулер орталығының  бөлім басшысы […]

Толығырқ РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ 1 мин оқу үшін

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыстады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан қоғамдық қызметі мен еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандар: «Құрмет» ордені – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы; «Ерен еңбегі үшін» медалі – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Тасбергенова Гаухар […]

Толығырқ ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыстады 1 мин оқу үшін

Офицерлерге Сағадат Нұрмағамбетов атындағы кубок пен төсбелгі берілмек

АСТАНА. KAZINFORM – Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі және қызметтік істегі басқа да жетістіктері үшін әскери қызметшілерге «Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов» кубогы мен төсбелгісі берілмек. Жаңа наградаға қатысты ресми құжат ашық НҚА порталында жарияланды. Нақырақ айтқанда, Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы «Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге […]

Толығырқ Офицерлерге Сағадат Нұрмағамбетов атындағы кубок пен төсбелгі берілмек 1 мин оқу үшін

Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алғаш рет студенттер мен оқушылар арасында есірткіге қарсы логотиптер байқауын ұйымдастырды. Байқауға креативті және ерекше 48 жұмыс ұсынылды. Конкурсқа қатысушылар қысқа уақытта «Қызылорда облысы есірткіге қарсы!» және «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» эмблема-логотипін жасап шықты. Ұсынылған жұмыстардың көркемдік деңгейі мен ерекше идеяларды ескеріліп, әдетегідей 3 орын […]

Толығырқ Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті 1 мин оқу үшін