Жаңалықтар

Жасанды интеллект және құқық жүйесі

Қазір барлық сала жасанды интеллектіні зерттеп, тәжірибеге енгізіп жатыр. Мамандар оның заң шығаруға да айтарлықтай әлеуеті бар екенін айтады. Десе де тәуекел тұстары да жоқ емес. Осы орайда Парламентаризм инс­титуты отандық және шетелдік сарапшыларды жинап, заң шығару үдерісіне ЖИ-ді енгізудің артықшылығы мен кемшілігін талқылады. Заң жобасын ChatGPT жазып береді Отандық сарапшылар жасанды интеллект заң шығару […]

CONTINUE READING Жасанды интеллект және құқық жүйесі 1 min read

Қытай, Вьетнам, Египет елдеріне жаңа әуе рейстері ашылады

Аталған жаңа бағыттар – сауда-экономикалық, іскерлік, туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні сөзсіз, деп хабарлайды Egemen.kz. Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше биыл наурыз айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет  Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет  Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады. Көктемгі-жазғы маусымынан бастап […]

CONTINUE READING Қытай, Вьетнам, Египет елдеріне жаңа әуе рейстері ашылады 1 min read

Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті. Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді. Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі […]

CONTINUE READING Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды 1 min read

Netflix-тегі танымал жобалардың авторлары Алтын Орда сериялын түсіреді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы сериалдың сценарийін талқылау үшін Kargo Seven Pictures продюсерлік компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz. Кездесуге Астанаға жобаның атқарушы продюсері және режиссері Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және қоюшы-суретші Зеки Сарайоглу келді. “Өздеріңіз білетіндей, 2024 жылдың көктемінде біз Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы […]

CONTINUE READING Netflix-тегі танымал жобалардың авторлары Алтын Орда сериялын түсіреді 1 min read

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті

БАӘ, Абу Даби қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында сарапшылармен жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту мәселесін талқылады. Мемлекет басшысы ЖИ қазіргі замандағы прогрестің ең басты қозғаушы күштерінің бірі саналатынын әрі экономиканы түбегейлі өзгерте алатынын атап өтті. – Қазақстанда жасанды интеллектті ілгерілетуге берік негіз қалау үшін маңызды қадамдар жасалып жатыр. Институционалдық орта қалыптастыруға, […]

CONTINUE READING Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті 1 min read

Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

БАӘ, Абу Даби қаласы Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті. […]

CONTINUE READING Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті 1 min read

Аида Балаева зиялы қауымды Президент айқындаған құндылықтарды насихаттауға шақырды

Бүгін, 16 қаңтарда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды. Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды. Аида Балаева стипендия иегерлерін құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Министр шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін […]

CONTINUE READING Аида Балаева зиялы қауымды Президент айқындаған құндылықтарды насихаттауға шақырды 1 min read

Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ […]

CONTINUE READING Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды 1 min read

Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді

30 қаңтар күні, Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымына қарасты «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді. Іс-шара 2025 жылғы еліміздегі маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен қатар ұйымдастырылады. Бұл концерттің мақсаты – көрерменді түрлі этностардың би, ән және музыкалық шығармаларынан тұратын Қазақстанның бай ұлттық өнерімен таныстыру. Концерттік бағдарламада […]

CONTINUE READING Алматыда «Birlik» би ансамблінің концерті өтеді 1 min read

Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті қызметіне тағайындалды

Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған. Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған; 2018 жылдан бастап – мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады; 2019-2024 ж.ж. – каноэ федерациясының ескек […]

CONTINUE READING Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті қызметіне тағайындалды 1 min read