«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосқан, денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға жеке үлес қосқаны, диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін әзірлегені, енгізгені, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және реформалауға белсенді қатысқаны, медицина ғылымын, денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен инновациялық қызметті дамытқаны үшін марапатталады.


«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 40 мм тең емес шеңбер нысанында жезден жасалады.
Ортада, көгілдір эмальмен құйылған шеңбер реңінде шаңырақтың бедерлі бейнесі орналастырылған. Шеңбердің ішінде реңі қызыл түсті эмальмен құйылған көлемі кіші шеңбер орналасқан және ортасында тостағанға оралған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Төсбелгі жиегін бойлай бейненің айналасы ақ эмальмен құйылған реңде «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу бар, «ҮЗДІГІ» деген сөздің екі жағынан нүктелер қойылған. Төменде лавр бұтақтарымен көмкерілген «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Белгінің реңі жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы күңгірттелген.
Төсбелгінің сыртқы жағы күңгірттелген.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 19 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.