Жаңалықтар

Еңбек күні құтты болсын!

Еліміздегі маңызды мерекелердің бірі – Еңбек күні. Бұл күн – мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып жүрген барша еңбек адамына деген құрмет пен алғыстың белгісі. Қоғамның ілгерілеуі мен өркендеуі, ел экономикасының нығаюы – ең алдымен еңбек адамдарының тынымсыз қызметінің нәтижесі.

Еңбек күнi – бұл адамдарды жаңа шыңдарды бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мейрам.

Жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілген Еңбек күнi Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбiсiнде тойланады.

Еңбек – елдің ертеңі. Әр салада табандылықпен тер төгіп жүрген кәсіби мамандарға мықты денсаулық, қажымас қайрат, толайым табыс тілейміз!  

Пікір қалдыру