Жиынға ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшелері – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов, «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған және өзге де тарихшылар мен ғалымдар қатысты.



“Әрбір мемлекет үшін рәміздердің маңызы зор. Кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздер ұлттық рух пен келісімді нығайтады. Мемлекеттік рәміздерге құрмет әрбір азаматтың борышы. Патриоттық сананы қалыптастыру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүріп отыруы маңызды. Бұл ретте ғылыми-әдістемелік кеңестің де жауапкершілігі ауқымды”,-деді Архив,құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли.
Ғылыми-кеңесте Мемлекеттік геральдикалық тізбені әзірлеу, өңірлер мен қала нышандарының мазмұнын, пішінін бойынша сараптау жұмыстарын жүргізу және төлтаңбасын әзірлеу мен бекіту жүйесін ретке келтіру бойынша үлгілік қағидаға ұсыныстар әзірлеу сынды бірқатар мәселелер талқыланды.
@aida_balayeva
@rustam_ali
@madeniet__aqparat__ministrligi
@arhiv_komiteti
@kalkamansarin_