Іс - шаралар

Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкерлері Астана IT университетінде қонақта болды

4 мауысм – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесі қарсаңында Геральдикалық зерттеулер орталығының қызметкерлері Астана IT университетінде қонақта болды.
Студенттермен кездесу барысында Орталық директоры Қалқаман Сарин жиналған қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздеріміздің халқымыз үшін маңызы, оның қадыр-қасиеті, оларға құрметпен қарау тұрғысында әңгіме қозғады.


Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов рәміздеріміздің пайда болуы, олардың өзгеру тарихы туралы, орталықтың маманы Сұлтан Оразаев бірізділік, брендинг жайында білім алушылармен пікір алмасты. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімінің басшысы Ажар Ерболғанова рәміздерімізді насихаттау және оның жолдары жайында сөз етті.
Баяндама соңында студенттерге викториналық сұрақтар қойылып, ең белсенді үш білім алушыға Ту бейнесіндегі белгі табысталды.

Пікір қалдыру