Бүгін Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, мемлекеттік рәміздерге қатысты құнды деректермен танысты.
📎 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов сынды қайраткерлер кірді.
📎Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.
Орталық мамандары тарапынан архив қорларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда.