Жаңалықтар

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мониторинг жүргізді

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының Сарайшық ауданында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында мамандар аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекеме, ұйым ғимараттарына арнайы барды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының орналастырылу тәртібі мен жай-күйі тексерілді.

Кейбір мекеме әкімшілігіне тозығы жеткен немесе талапқа сай келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру керектігі айтылды.

Пікір қалдыру