Жаңалықтар

Геральдикалық зерттеулер орталығының маманы Сұлтан Оразаев «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Жас ғалымдар» клубының белсенді мүшелерін марапаттады.

Осы іс-шарада еліміздің бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін «Жас ғалымдар» клубының бірқатар мүшесіне Қазақстан халқы Ассамблеясының  қоғамдық «Бірлік» алтын медалі табысталды.

Олардың қатарында Геральдикалық зерттеулер орталығы Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің бас сарапшысы Сұлтан Оразаев та бар. Бұл марапат жас зерттеушілердің еңбегі мен қоғамдық келісім мен бірлік саласына қосқан үлесінің мойындалуы.

Пікір қалдыру