«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен зор практикалық маңызы бар энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы көрнекті әзірлемелері үшін, энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін энергияны пайдаланудың жаңа әдістерін енгізгені үшін, кадрлар даярлау мен біліктілігін арттырудағы жоғары жетістіктері үшін, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамалық базасын жетілдіруге қосқан жеке үлесі үшін, көп жылдық адал еңбегі үшін, сондай-ақ халық арасында энергия үнемдеуші мінез-құлықты (қозғалысты) танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін Қазақстанда энергия үнемдеуді дамыту жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын энергия үнемдеу саласының қызметкерлері, сондай-ақ энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруды дамытуға жеке үлкен үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.

«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі диаметрі 35 мм түзу тегіс шеңбер нысанында ақ түсті жылтыр ақ металдан (925 СрМ күміс) жасалады.

Төсбелгі екі бөліктен тұрады, аверстің ортасында Қазақстанның бедерлі-шығыңқы жылтыр картасы, бедерлі-шығыңқы күңгірт үш ірі энергия ресурсы: мұнай, газ және көмір, сондай-ақ «ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ» деген шығыңқы күңгірт жазу бейнеленген.

Төсбелгінің сыртқы бетінде ортасында «ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген күңгірт жазу сериялық нөмірмен, сондай-ақ төменгі және үстіңгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 23 мм, көк түсті «ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ» логотипі бар ақ түсті қатқыл лентамен қапталған төрт бұрышты тағанмен жалғанады, киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.