Алмас Ахметбекұлын көпшілік шығармашылығы халқына кеңінен танымал қазақтың тұлғалы ақыны, әдебиетте лайықты бағасын алған қаламгер ғана емес, ұлт руханиятының дамуы мен өркендеуі жолында еселі еңбек етіп жүрген қайраткер ретінде жақсы біледі.
Оның көркемдігі жоғары, шоқтығы биік шығармалары әдебиетіміздің құнды қазынасына айналды. Ол елдік рухты асқақтатқан «Көк Тудың желбірегені» сынды ән-өлеңдерімен, ұлтжанды болмысымен әрдайым елге сыйлы, жұртқа абыройлы болып келеді.
Алмас Ахметбекұлының өмір жолында биік парасатынан таймай, руханиятымыздың дамуына қызмет ете беретініне сенеміз.
