Жаңалықтар

«Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

Ашық есік күні аясында кітапханадағы жаңартылған коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи форматтағы бұл кеңістік оқырмандардың бірлесіп жұмыс істеуіне, пікір алмасуына, білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Кітап – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, отандық әдебиетті қолдауға бағытталған тәуелсіз жоба — Mecenat.kz әдеби сыйлығы таныстырылды. Дөңгелек үстелде Эстония Елшісі Яап Ора, ақын-драматург Баянғали Әлімжанов, профессор Әсима Ишанова, жазушы Нартай Сауданбекұлы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, әдеби шығармалар арқылы ұлттық әдебиетке қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

Пікір қалдыру