15 қараша – Ұлттық валюта күні құтты болсын!
Бұл күн еліміздің экономикалық тәуелсіздігін айқындаған тарихи сәттің – ұлттық валютамыз теңгенің айналымға шыққан күнінің құрметіне атап өтіледі. Теңге – тәуелсіздігіміздің маңызды символы, елдің қаржылық тұрақтылығы мен даму әлеуетінің негізі.
Осы мереке қарсаңында баршаңызға игілік, береке-бірлік, жаңа жетістіктер тілейміз. Ел экономикасының өркендеуі жолындағы ынтымақ пен бірлік әрдайым нығая берсін!
Ұлттық валюта күні құтты болсын!



