«МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі

«МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалімен өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беру жүйесін дамытуға үлес қосқан, адамгершілік-рухани білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізген, оқу-тәрбие процесіне адамгершілік-рухани білім беруді іске асыруға арналған жаңа білім беру технологияларын енгізген, мектепке дейінгі, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарының тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеген және іске асырған, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде педагог кадрлардың, білім беру жүйесі басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеген және іске асырған, білім алушыларды қоғамға қызмет етуге бағытталған қоғамдық пайдалы қызметке тартатын қалалық, өңірлік, республикалық маңызы бар семинарлар, вебинарлар, шеберлік сабақтары арқылы балалар мен оқушы жастарға адамгершілік-рухани білім берудің өзіндік педагогикалық тәжірибесін немесе білім беру ұйымының тәжірибесін таратқан, өз қаласында, облыста, республикада «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысқан педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл және одан да көп білім беру ұйымдарының қызметкерлері марапатталады.

МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН медалі диаметрі 45 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Медальдің фоны күңгірттелген.

Бет жағында шеңбердің жиектерінде ақ фонда алтын түстес «ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» (мемлекеттік тілде) «С ЛЮБОВЬЮ К МИРУ» (орыс тілінде) деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Шеңбердің ортасында – алтын сары түсті шұғылалы күн дискісі. Күн дискісінде тұмсығында бұтақ бар түркептер бейнеленген.

Сыртқы жағында «ЖАС ҰРПАҚТЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен тысталған ені 28 мм және биіктігі 25 мм тікбұрышты тағанға жалғанады. Қалыптың төменгі жағында ені 28,5 мм және биіктігі 7,4 мм беті жылтыр жапсырма бар.