Жаңалықтар

Мемлекет басшысы UEFA президентін ІІ дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев UEFA президенті Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл жоғары мемлекеттік награда Чефериннің Қазақстандағы спортты дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау ретінде табыс етілді.

Кездесу барысында Президент Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (UEFA) елімізге көрсеткен қолдауына жоғары баға берді. Сондай-ақ ол отандық футболды жаңа деңгейге көтеру үшін тұрақты бизнес-модель қалыптастырып, клуб менеджментін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта білім беру және тәжірибе алмасу бойынша UEFA-мен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Александер Чеферин Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге ниетті екенін айтып, еліміздің футбол федерациясымен қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

Пікір қалдыру