Оралда мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы орны мен маңызын талқылауға арналған басқосу өтті.
Жиынға облыс әкімдігінің өкілдері, Ұлттық құрылтай мүшелері, Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары, Жоғары оқу орындары мен мектеп ұстаздары, сондай-ақ белсенді жастар қауымы қатысты.

Кездесу аясында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, оларды пайдалану барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу, заңнамалық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және Мемлекеттік рәміздер күнін лайықты түрде атап өту мәселелері көтерілді.
Спикерлер өз баяндамаларында Геральдикалық орталықтың қызметі, мемлекеттік рәміздердің тарихи маңызы мен оларды қолдануға байланысты заң талаптары жөнінде кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар, ұлттық құндылық ретінде рәміздерді қастерлеудің қажеттілігіне ерекше тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.