Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫ: ХАЛЫҚТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫ: ХАЛЫҚТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ»

Геральдикалық зерттеулер орталығының жас ғалымдары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстан мемлекеттері тарихшыларының I форумына қатысты.

Форум мақсаты – Орталық Азия мемлекеттерінің ғалым-сарапшылары
арасындағы диалогты күшейту жолымен тарихи процестерді зерттеу мен
тарихи кұбылыстарды бағалауда бірегей кеңістік, мәдени, саяси контекстте
синхронды көзқарас қалыптастыруға алғышарт жасау.

Форумның негізгі міндеттері:
– Орталық Азия мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу кұрылымдары
арасындағы байланыстарды бекіту және жаңа байланыстар орнату
– Орталық Азия мемлекеттерінің ғылыми мектептері арасында
тәжірибелерді және ғылыми әзірлемелерді алмасу
– Орталық Азия елдерінің тарихы бойынша зерттеулерді жандандыру,
ортақ тәсілдерді әзірлеу үшін жағдай жасау
– жас тарихшыларды даярлаудың, жас ғалымдар арасында
коммуникацияны күшейтудің тетіктерін талқылау болды.

Пікір қалдыру