Жаңалықтар

Президент бір топ әскери қызметшіні марапаттады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерді марапаттады. Олар борышын үлгілі атқарып, БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградаға ие болды.

Қазақта «Ердің ісі – елдің ісі» деген сөз бар. Сіздер елдік пен ерліктің туын биік ұстап жүрсіздер. Алдағы уақытта да қасиетті Отанымызды қорғап, табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Армиямыздың айбыны арта берсін! Еліміз аман, әскеріміз қуатты болсын! – деді Президент.

АҚОРДА

Пікір қалдыру