Іс - шаралар

«Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары!» атты жас суретшілер көрмесі өтті

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК қолдауымен «Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмары!» атты жас суретшілер көрмесі өтті.


Көрмеге Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жас өнерпаздарының суреттері қойылды. Суреттерді сөйлеткен қылқалам шеберлері «Отанымның туы», «Көк тудың желбірегені», «Жайнай бер Елтаңба», «Қазақстан – бейбітшілік елі», «Туымыздың қанатында», «Қазақстан әуені», «Рәміздер өшпейтін мұра» сынды түрлі атаулармен өз туындыларын ұсынды. Бейнелеу өнерін жандарына серік еткен жас таланттылар еңбектерінде жүнді бояу техникаларында қолданған екен. Көздің жауын алатын суреттер жиналғандарды тәнтті етті.

#қазақстан🇰🇿#геральдикакітапханасы#ту#рәміздер

#геральдика#геральдикакітапханасы#ғалымдар#қазақстан#qazaqstan#рәміздер#ту#вексиллология#театр#шәмші

@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva
@rustam_ali
@kalkamansarin_
@muztheatre.kz

Пікір қалдыру