2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары, мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары және алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттер айқындалды.

«Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өтеміз», – деді Президент.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдаудың толық нұсқасын https://www.youtube.com/live/96r9RrRtHQE?si=K9yc1pR_jhGF1BtA сілтемесі арқылы көре аласыздар.


