«Құрметті металлург» төсбелгісі металлургия саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізу жетістіктері, кәсіпорындағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері марапатталады. Металлургия өнеркәсібін дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті металлург» төс белгісі бұрын «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерінің үш дәрежесімен марапатталғандарға, сондай-ақ салада кемінде 20 жыл, ал еңбектің зиянды жағдайында кемінде 15 жыл жұмыс істеген сала қызметкерлеріне беріледі.


«Құрметті металлург» төсбелгісі өлшемі тігінен 42 мм және көлденеңінен 38 мм сопақ түрінде жез қорытпасынан жасалады.
Төсбелгінің беткі жағында жоғары бөлігінде көгілдір лентада «ҚҰРМЕТТІ МЕТАЛЛУРГ» деген шығыңқы жазу орналастырылған. Төменгі бөлігінде лавр гүлтәжі және символ мәнді, айқастырылған балға мен ажыратқыш кілт орналастырылған.
Төсбелгінің орталық бөлігінде зауыт корпустарының аясында балқытылған металл құйылған шөміш бейнеленген. Төсбелгінің артқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылған.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Кен орнын ашу – жер қойнауындағы қорлары өнеркәсіптік санаттар бойынша жіктелген жаңа объектіні анықтаудың құжатпен расталған фактісі.