Жаңалықтар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз ұлт руханиятының дамуына, мәдени мұрамыздың сақталуына және өнердің өркендеуіне зор үлес қосып келеді.

Әрбір қойылым, әрбір шығарма, әрбір мәдени бастама арқылы ел жүрегіне жылулық пен шабыт сыйлап келесіздер. Өнер мен мәдениетке адал қызмет етіп жүрген барша мамандарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Пікір қалдыру