Жаңалықтар

Шерхан Талапов «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директорының м.а. болып тағайындалды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының бұйрығымен Талапов Шерхан Талапұлы «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директорының м.а. болып тағайындалды.

 Комитет төрағасы Рустам Али Геральдикалық зерттеулер орталығының ұжымына жаңа басшыны таныстырып, табысты жұмыс атқаруға сенім білдірді.

 «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің жанынан құрылған.

Орталық – қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихын зерттеу, зерделеу, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын атқарады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолданудың халықаралық тәжірибесін зерттеп, мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға бастамашы болуды мақсат етеді.

 Талапов Шерхан Талапұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Филология, әдебиеттану және әлем тілдері мамандығы бойынша тәмәмдаған. Академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Гази университетінде (Анкара, Түркия) білім алған.

2013 жылы Massaget.kz танымдық-ақпараттық порталында контент-менеджер, 2015-2019 жылдар аралығында Ult.kz ақпараттық порталының Бас редакторы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде» ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінде менеджер, ғылыми әдістемелік жұмыс бөлімінің ескерткіштерді зерттеу секторында сарапшы, сондай-ақ директордың кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен. «Топ пресс медиа» ЖШС-да редактор, ҚР Президенттік орталығында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

2022-2023 жылдары «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, 2023-2024 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен.

Хлықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Пікір қалдыру