«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуда көпжылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, бейінді маман кадрлар даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, инновациялық технологияларды енгізгені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды әзірлегені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторалдық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі диаметрі 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан жасалады.

Төсбелгінің беткі жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері” деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазулар қою көгілдір түсті эмальмен боялған.

Төсбелгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылады. Төсбелгінің қыры тегіс.

Төсбелгі құлақша мен шығыршы қарқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қою көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанмен жалғанады.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.