Жаңалықтар

«Tańba quiz» интеллектуалдық ойыны өтеді

Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Тәуелсіздік күніне орай «Tańba quiz» интеллектуалдық ойынын ұйымдастыруда. 

Іс-шараның басты мақсат-міндеті – қатысушылардың геральдика және мемлекеттік рәміздер саласындағы білімін тереңдету, тарихи сана мен ұлттық танымды арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы шығармашылық және кәсіби ынтымақтастықты дамыту. Интеллектуалдық ойын барысында қазақ геральдикасы, әлем геральдикасы және тарихи географияға қатысты тапсырмалар беріледі.

Интеллектуалдық ойын 11 желтоқсан күні сағат 17:00-де Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында өтеді.

Пікір қалдыру