2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).
🔷Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:
🔺Маңғыстау облысы – 124,5%-ға өсті;
🔺Астана қаласы – 102,5%-ға өсті;
🔺Батыс Қазақстан облысы – 102%-ға өсті;
🔺Атырау облысы – 96%-ға өсті;
🔺Түркістан облысы – 55%-ға өсті;
🔺 Қызылорда облысы – 49% өсті.
Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.