Жаңалықтар

Қытайдағы Азия чемпионаты: спортшылар жүлдемен оралды

Қытай елінде жабық кешенде өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан ұлттық құрамасы 3:38.02 уақыт көрсетіп, Қытай командасын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жарыста ел намысын Кристина Кондрашова қорғады.

Ал ерлер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада қазақстандық төрттік қола жүлдеге ие болды. Құрама сапында Меди Текенов өнер көрсетті. Команда үшінші орынға тұрақтады. Аталған сайыста барлығы алты команда бақ сынады.

Пікір қалдыру