«Заң саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындайтын, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінде жалпы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес қызметкерлері марапатталады.

«Заң саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 42 мм сегіз бұрышты жұлдыз нысанында дайындалады.
Төсбелгi үш бөлiктен тұрады – негiз, қондырма және жапсырма. Негiзге бекiтiлетiн жапсырмасы бар қондырма алаңы негiздiң басты сәулелерiнiң үстiне орналасқан көп сәулелi күміс жұлдызбен көмкерiлген. Негіз және сәулелер күміс қорытпасынан дайындалған.
Қондырма шеткi аймақтарында бүртiктер жасалған диаметрi 23,3 мм дұрыс шығыңқы шеңбер болып табылады. Шығыршық бойы ішкі бүртік пен жапсырма алаңының арасында «ЗАҢ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген алтын жалатылған жазу, ал төменгі бөлігінде алтын жалатылған ұлттық ою-өрнек бар. Мәтін мен ою-өрнек жылтыраған шығыңқы.
Төсбелгінің беткі жағында ортасында «Фемида» сот төрелігінің көне грек жебеуші әйелінің алтын жалатылған шығыңқы суреті орналасқан.
Төсбелгі шеңберінің бос алаңына ақ эмаль жағылған.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 26 мм және биіктігі 30 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, ортасында алтын түсті ұлттық ою-өрнек орналасқан үшбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.