Жаңалықтар

ЖИ-дің әлемдік экономикаға қосқан үлесі 20 триллион долларға жетеді – Олжас Бектенов

AI-стартаптарын қолдау үшін Astana Hub базасында мақсатты көлемі 1 млрд долларды құрайтын Венчурлік инвестициялар қорықұрылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Digital Almaty 2025 халықаралық форумында премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектің маңызды аспектілеріне тоқталып өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов форум барысында 2030 жылға қарай жасанды интеллекттің әлемдік экономикаға қосқан үлесі шамамен 20 триллион долларға жететінін мәлімдеді.Орайлы сәтті пайдалана отырып, бүгінгі іс-шараға қатысып жатқан әріптестеріме және үкіметтік делегацияларға алғысымды білдіргім келеді. Жаңа дәуір бізден әп-сәтте өзгеріп жатқан цифрлық әлемге тез бейімделуді талап етеді. Естеріңізде болса, 1980 жылдары компьютерлердің жаппай таралу кезеңі болды, 2000 жылдары смартфондар мен мобильді қосымшалар заманы басталды. Олардың әрқайсысы әлемдік ЖІӨ-ні 7%-дан астам көрсеткішке арттырды. Енді міне, біз жаңа заманда – жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп, ілгері дамып жатырмыз. Ақпараттық технологиялар саласындағы IDC жетекші талдау компаниясының (International Data Corporation) зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай жасанды интеллекттің әлемдік экономикаға қосқан үлесі шамамен 20 триллион долларға жетеді. Бұл ретте, тек қана AI есебінен ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 2-3%-ға қамтамасыз етуге болады. Елдеріміздің экономикасын дамыту үшін осы мүмкіндікті пайдалану керек, – деді Олжас Бектенов

Үкімет басшысы өз сөзінде Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының маңыздылығына, жасанды интеллектті күнделікті өмірде тиімді қолданудың маңызына тоқталды.

 Жасанды интеллекттің жаһандық деңгейде кеңінен таралуына үш негізгі аспект ықпал етіп жатыр. Бірінші – ол адами капиталды дамыту. Жасанды интеллекттің жаһандық моделі жедел түрде бәсекелестіктен кооперативтік үлгіге ауысуда. Ол үшін IT-индустрияның әлемдік көшбасшылары ынтымақтаса отырып, өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Танымал платформаларда энтузиастар өз әзірлемелерімен ашық түрде бөлісуде. Олар мұны технологиялардың жаппай дамуы үшін жасап жатыр.Біз бұл тәжірибені өзіміздің және бірлесіп жасалатын әзірлемелер үшін де пайдалануымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының негізінде құзыреттіліктер экожүйесін құру бастамасын көтерді. Ол биыл ашылатын болады. Бұл бір алаңда шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін жетекші ІТ-компанияларды, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен білім беру бағдарламаларын біріктіруге мүмкіндік береді. Біз Аlem.ai орталығының базасында жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруүшін ЕАЭО елдерінің күш-жігерін біріктіруді ұсынамыз. Сондай-ақ тек ІТ-мамандарды оқытуда ғана емес, жасанды интеллектті күнделікті өмірде тиімді қолдануда кешенді тәсілді қамтамасыз етудің маңызы зор. Сондықтан біз бес жыл ішінде Қазақстанда аталғансалада 1 миллион адамды оқытуға қатысты алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз. Өткен жылы француз педагогы Николя Садиракпен(Ecole42 мектебінің негізін қалаушы) бірлесіп, Қазақстанда Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды. Ондағы білім беру бағдарламасы оқытушылардықажет етпейді, жасанды интеллекттің өзі жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Сондай-ақ мектепте оқытудың инновациялық ойын әдістері қолданылады. Біз осындай ерекше тәсіл тәжірибесімен бөлісуге әзірміз, – деді премьер-министр.

Олжас Бектенов технологиялық инфрақұрылымды ғана дамытудың тиімсіз екенін атап өтті.

Пікір қалдыру