Жаңалықтар

12 қазан – Мемлекеттік Ту авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтің туған күні.

Ол – халқымыздың рухын, еліміздің тәуелсіздігін айшықтаған рәміз – Көк Тудың авторы. Мемлекеттік Туымыздағы ашық көк түс – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ал күн мен қыран бейнесі – болашаққа ұмтылған еркін елдің символы. Шәкен Ниязбековтің бұл еңбегі – ұлт руханиятына қосылған баға жетпес мұра.

Шәкен Ниязбековтің шығармашылығы – ұлт мәдениетінің алтын қорында. Оның есімі мен еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Төрткүл дүниенің төрт бұрышында жерұйық мекен Қазақстанның даңқының дүбірі естіліп, бабалар көзіндей көк байрағымыз көтерілер болса, онда терең ойлы суреткер Шәкен Ниязбековтың қолтаңбасы бар.

Пікір қалдыру