Көрісу күні құтты болсын!
Баршаңызды қазақ халқының ежелгі дәстүрі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өткен өкпе-реніштерін ұмытып, ақ тілектерін арнайды. Көрісу – татулықтың, сыйластықтың және адамгершіліктің белгісі.
Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін!
Көрісу күні құтты болсын! Жақсылық пен қуаныш әрдайым сіздермен бірге болсын!
