«Экология саласының үздігі» төсбелгісімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарын сақтаудағы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтірудегі жоғары кәсіби қабілеті және жеке үлесі, еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы және бастамашылдығы, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін экология саласының қызметкерлері және басқа да адамдар марапатталады.


«Экология саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 32,8 мм шеңбер пішінінде жезден жасалады. Шеңбердің реңі жасыл түсті.
Төсбелгі шеңберінің ортасында Қазақстанның контурлық картасы бейнеленген, реңі – күңгірттелген күміс. Картаның ішінде екі жапырақ бар: біреуі көгілдір түсті, екіншісі жасыл түсті. Карта бейнесінен жоғары алтын түсті шаңырақ бейнеленген.
Төсбелгінің төменгі бөлігінде шеңберді бойлай алтын түсті лента орналасқан, оның ортасында үш қатарда күңгірт әріптермен: «ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасады, мәтіні – шығыңқы күңгірт. Төсбелгідегі барлық бейнелер шығыңқы. Төсбелгінің шеттері ернеумен жиектелген.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы төменгі жағында лавр бұтақтары орналасқан, жасыл түсті қатқыл лентамен қапталған ені 26 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.