«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің органдарында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қаржы жүйесінің қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.


Диаметрі 30 мм «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі екі нысаннан тұрады – сегіз қырлы нысан және шеңбер.
Шеңбер ішінде көгілдір реңдегі композиция екі жартыдан тұрады: композицияның төменгі бөлігінде алтын табақ (тостаған), жоғарғы бөлігінде алтын монеталар, алтын табақтың үстінде ұлттық ою-өрнек түрінде жасалған айшықты қыран құс орналасқан. Шеңбердің сыртқы жоғарғы жиегінде «ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан, шеңбердің төменгі сыртқы жиегі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Сегіз бұрыштың әр бұрышында сары түсті реңде ұлттық ою-өрнек орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.