Бүгін Достық үйінде Рәміздер күні қарсаңында «Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен елордалық студенттер қатысты.
Жиын барысында спикерлер мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұны жайында ой бөлісіп, рәміздердің тарихы туралы қызықты ақпараттар айтылды. Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жайлы атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Досжан Исабек мемлекеттік рәміздер күніне орай өтетін іс-шаралар жайлы сөз қозғап, патриоттық рух пен бірлікті дәріптейтін жиындардың маңызы жайлы пікір білдірді.
Айта кетейік, «Менің Қазақстаным» акциясы елорда мектептері мен ЖОО-да, спорт федерацияларында үздіксіз ұйымдастырылып келеді.