Жаңалықтар

Қазақстан қоржынында 7 алтын

Ұлыбритания төрінде бокстан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жеті мәрте желбіреп, Мемлекеттік Әнұран жеті мәрте шырқалды!

Бұл – ел мерейін үстем еткен отандастарымыздың ерен еңбегінің жемісі. Қазақстанның қоржынында 7 алтын медаль бар. 

Ливерпуль қаласында өткен халықаралық бокс бәсекесін World Boxing ұйымы ұйымдастырған. 68 мемлекеттен 540 спортшы бақ сынады. Ұлттық құрама 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен командалық есепте топ жарды.

Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі! Ел абыройын асқақтатқан спортшыларға алғысымыз шексіз!

Пікір қалдыру