Жаңалықтар

Президент Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны орындалды.

Бұл – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын маңызды сәттердің бірі. Мемлекеттік Ту халқымыздың еркіндігі мен егемендігінің, елдік пен мақтаныштың символы.

Пікір қалдыру