Жаңалықтар

Қосшыда семинар өтеді

Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен 21 қараша күні сағат 11.00-де Қосшы қаласында «Менің Қазақстаным» акциясы аясында танымдық семинар өтеді. Оған жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ мектеп директорлары қатысады.

Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық мән-мағынасы және тарихы туралы сөз қозғайтын болады.

Бұл семинар – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру бағытындағы маңызды бастама.

Пікір қалдыру