Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздерге арналған семинар – Теміртауда

27 қараша күні Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелеріне арналған семинар өтті. Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы, символикалық мағынасы және қолданылу тәртібі туралы кең көлемде ақпарат берілді. 

Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ici комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ бөлім басшысы Асылжан Бижанов мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оларға деген құрметті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, қазақ геральдикасы жөнінде біраз ақпарат айтты. .  

Өз кезегінде Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жұлдыз Сағымбаева мен Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Олжабаева семинардың мән-маңызына тоқталды. Жалпы іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 

Пікір қалдыру