Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми басталды.
Олимпиада алауы Милан қаласындағы Бейбітшілік қақпасы (Arco della Pace) және Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Дибона алаңында (Piazza Dibona) бір уақытта тұтанды.
Миландағы бас алауды тау шаңғы спортынан үш дүркін Олимпиада чемпиондары Альберто Томба мен Дебора Компаньони, ал Кортина қаласындағы бас алауды Олимпиада чемпионы София Годжа жақты.
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан делегациясы алаңға 44-болып кірді, еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша және фристайлшы Аяулым Әмренова биік көтеріп жүрді.

