Жаңалықтар

6 шілде  – Астана күні

Астана  – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны, ел бірлігі мен өркендеуінің символы. Қысқа уақыт ішінде заманауи, сәулетті, қарқынды дамыған мегаполиске айналған бас қаламыз мемлекетіміздің жарқын келешегін айқындайды.

Елордамыздың әрбір жетістігі – барша қазақстандықтың ортақ мақтанышы. Астана күні мерекесі баршамызға бірлік, береке, жаңару мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт сыйласын.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбекте табыс және бақ-береке тілейміз!

Астана күні құтты болсын!

Пікір қалдыру