Жаңалықтар

Меморандумға қол қойды

Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Әділхайыр Мырзаханов пен «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұрбол Сейтқалиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді насихаттау, олардың тарихи және идеологиялық маңызын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен оларды заңнама талаптарына сәйкес қолдану мәселелері бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Алдағы уақытта Геральдикалық зерттеулер орталығы мен «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі бірлесе жұмыс атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізетін болады.

Пікір қалдыру