Әлеуметтік желі қолданушысы Алишер Әукенбаев жариялаған бейнежазба көпшіліктің назарына ілікті. Оның айтуынша, Жапонияға барған сапарында жергілікті тұрғындар қазақстандықтарды жылы қарсы алып, «Димаштың елінен келді!» деп ерекше құрмет көрсеткен.
Бейнежазбадағы ең әсерлі сәттердің бірі – жапон азаматтарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын қазақ тілінде орындауы. Бұл көрініс олардың елімізге, тілімізге, мәдениетімізге және мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметінің жарқын көрінісі болды.
Бұл – әлемдік сахнада қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген Димаш Құдайбергеннің еңбегінің тағы бір айқын дәлелі. Оның шығармашылығы арқылы Қазақстанды таныған шетелдіктер бүгінде елімізді құрметпен қабылдап, қазақ мәдениетіне шынайы қызығушылық танытып келеді.
